Прокурорлар өрескел заңбұзушылық анықтады
Шымкентте тексерістен кейін 3915 науқас дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қалалық прокуратура медициналық ұйымдарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету заңдылығын тексерді.
Тексеру барысында 12 қалалық емханада диспансерлік есепте тұрған 4 мыңға жуық науқастың мемлекет кепілдік берген тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмегені анықталды, – деп мәлімдеді Шымкент прокуратурасы.
Қадағалау актісі негізінде 3915 науқасқа дәрі-дәрмек берілді. 12 бас дәрігер ӘҚБтК 426-бабымен (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауапқа тартылып, олардан 2 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді. 108 медицина қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.