Halyq Uni логотип
×

Шымкентте 4 мың науқасқа тегін дәрі берілмеген

Прокурорлар өрескел заңбұзушылық анықтады

 Қымбат Елтайқызы 03.09.2024 | 18:10
Шымкентте 4 мың науқасқа тегін дәрі берілмеген
фото: Halyq Uni

Шымкентте тексерістен кейін 3915 науқас дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қалалық прокуратура медициналық ұйымдарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету заңдылығын тексерді.

Тексеру барысында 12 қалалық емханада диспансерлік есепте тұрған 4 мыңға жуық науқастың мемлекет кепілдік берген тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмегені анықталды, – деп мәлімдеді Шымкент прокуратурасы.

Қадағалау актісі негізінде 3915 науқасқа дәрі-дәрмек берілді. 12 бас дәрігер ӘҚБтК 426-бабымен (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауапқа тартылып, олардан 2 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді. 108 медицина қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама