Ол мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Астық қоймалары» ЖШС «№2 Нан базасы» және «№5 Нан базасы» өкілдіктерінің бұрынғы директоры М.Е. Жүсіповке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Антикордың мәліметінше, сотталушы 160 млн теңгеден астам астықтың мемлекеттік резервтік қорын жымқырған. Сондай-ақ, оның салғырттығы салдарынан 118 млн теңгеден астам көлемде 996 тонна астық бүлінген.
Сот үкімімен экс-директорға мүлкі тәркіленіп, 8 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен бірге ол мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.ф