Halyq Uni логотип
×

Ақтөбеде алаяқ зейнетақы қорынан ақша алуға «көмектесумен» айналысқан

Ол бірнеше адамды алдап үлгерген

 Қымбат Елтайқызы 03.09.2024 | 09:39
Ақтөбеде алаяқ зейнетақы қорынан ақша алуға «көмектесумен» айналысқан
фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысында 8 тұрғынды сан соқтырған алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары өңірдің 8 тұрғынын алдаған күдіктіні ұстады. Облыс тұрғындары полицияға зейнетақы қорынан ақша алуға көмек көрсетуге уәде берген әйелге қатысты арызданды.

Күдікті әйел белгілі бір сыйақыға зейнетақы қорынан ақша алып беруге уәде берген. Жәбірленушілер оған 250 мыңнан 350 мың теңгеге дейінгі сомада ақша аударған. Күдікті барлығы сегіз адамды алдаған, – делінген ақпаратта.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, заңсыз әрекеттерден зардап шеккендердің бар-жоғы анықталып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама