Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында әкімдік бір ғана кітап жинағын 58 млн теңгеге сатып алмақ болған

Білім бөлімі бағаны 10 есе төмендетті

 Думан Қырықбаев 10.06.2022 | 11:08
Жетісу облысында әкімдік бір ғана кітап жинағын 58 млн теңгеге сатып алмақ болған
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Жетісу облысының Сарқан ауданында білім бөлімі бір ғана кітап жиынтығын 57 млн 976 мың теңгеге сатып алмақ болған. Ал, ол нарықта 670-2000 теңге аралығында тұрады.

Бұл заң бұзушылықты өңірдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті «Сатып алудың бірыңғай терезесі» веб-порталы арқылы анықтаған. Осыдан кейін, мекеме бағаны бірден төмендетіп, 8 663 дана кітапқа 5 млн теңге деп көрсеткен.

«Бес айдың қорытындысына сәйкес негізсіз сатып алу саласы бойынша 972 млн теңге бюджетке қайтарылды. Осыған орай біз мекеме басшылары мен мемлекеттік сатып алушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған семинарлар өткізіп жатырмыз. Танымдық сабақтарда заңнамалық және қаржылық сауаттылық арттыру нұсқаулықтарымен жіті таныстырдық», - деді облыстық департаменттің басқарма басшысы Асқар Садықов.

Жалпы, департаменттегілердің уақытылы әрекет етуінің нәтижесінде былтыр бюджеттің 10 млрд теңгеден астам қаржысы үнемделген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама