Halyq Uni логотип
×

Ауқатты отбасылар да мемлекеттен көмек алып отыр – Тоқаев

«Әлеуметтік әмиян» жобасы іске асырылады

 Дәурен Ерболат 02.09.2024 | 12:15
Ауқатты отбасылар да мемлекеттен көмек алып отыр – Тоқаев
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда әлеуметтік қолдауға мүлде мұқтаж емес ауқатты отбасылар да мемлекеттен көмек алады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Президент әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға қолдау көрсету өте маңызды міндеттің бірі екенін атап өтті.

Сондықтан мемлекет әлеуметтік шығыстарды біртіндеп ұлғайтып жатыр. Қазір бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға жұмсалады. Балалы отбасыларды қолдау үшін сәби күтіміне өтемақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзарды. Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға биылдан бастап арнайы төлемдер беріліп жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» ауқымды жобасы іске қосылды. 7 млн баланың есепшотына Ұлттық қордың табысынан жалпы сомасы 300 миллиардтан астам теңге аударылды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Алайда мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстанда кейбір ауқатты отбасылар мемлекеттен көмек алып отыр.

Қазір мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген кезде азаматтардың нақты табысы ескерілмей жатқанын мойындау қажет. Басқаша айтсақ, әлеуметтік қолдауға мүлде мұқтаж емес ауқатты отбасылар да мемлекеттен көмек алады. Мұндай жайттар аз емес. Осыны ескере отырып, халықты қолдау тәсілдерін жетілдіре түсу қажет. Сондықтан Үкіметке алдағы жылдың басынан бастап «Әлеуметтік әмиян» жобасын жүзеге асыруды тапсырамын. Мемлекеттік қолдау шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсетілуі қажет. Бір сөзбен, кез келген әлеуметтік көмек әділ, ашық және тиімді болуға тиіс, - деді президент.

Еске салсақ, бүгін Президент Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұған дейін ол Президент банктер туралы жаңа заң әзірлеуді ұсынған болатын. Сондай-ақ ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге инвестиция тиісті деңгейде инвестиция тарта алмай отырған кейбір әкімдер мен министрлерге ескерту жасады. Бұған қоса Жолдауда Жаңа Салық кодексі келесі жылға қалдырылғаны белгілі болды. Сонымен қатар коммуналдық шаруашылық туралы ұлттық жоба жыл соңына дейін бекітіледі. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама