Бүгін студент, магистрант, докторанттардың шәкіртақысы өсті

Халық үні

Интернатурада оқитындарға 85 376 теңге, резидентурадағыларға 123 122 теңге көлемінде төленеді

фото: opennews.kz

Бүгіннен бастап колледж студенттері үшін шәкіртақы 50% артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені қамтыды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сондай-ақ бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 47 135 теңгеге дейін, педагогикалық және медициналық бағыттарда оқитындардікі 75 600 теңгеге дейін көбейді.

Интернатурада оқитындарға шәкіртақы 85 376 теңге, ал резидентурадағыларға 123 122 теңге көлемінде төленеді.

Магистранттар мен докторанттар үшін шәкіртақы 15%, яғни 107 061 теңге және 240 мың теңге болды.