Halyq Uni логотип
×

Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы экстрадицияланды

Ол қылмысын қайталаған

 Қымбат Елтайқызы 31.08.2024 | 10:05
Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы экстрадицияланды
фото: Halyq Uni

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Күдікті 2023-2024 жылдар аралығында Атырау облысында букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 21 млн теңге көлемінде пайда тапқан, деп мәлімдеді бас прокуратура.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды. Биылғы жылдың тамызында ол Абу-Даби қаласының аумағында ұсталып, кейіннен Қазақстанға экстрадицияланды, – деп қосты ведомство.

Айта кетері, ол бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған. Қазіргі уақытта күдікті Астананың тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама