Шымкентте балабақша меңгерушілері 40 млн теңгеден астам ақша жымқырған

Динара Амантай

Олар балалардың қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізген

Фото: Halyq Uni

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Балабақша басшылары 2019 – 2021 жылдар аралығында балалардың қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізіп, мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландырудың «Балапан» бағдарламасы бойынша қарастырылған жалпы сомасы 45,7 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған деген күдікке ілінді, – делінген хабарламада.

Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.