×

Президент утилизация алымы мөлшерін қайта қарауды тапсырды

Тоқаевтың айтуынша, бұл жұмыспен мемлекет айналысуы тиіс

 Ербол Тұрымбет 11.01.2022 | 12:00
фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Мәжіліс отырысында көліктердің утилизация алымына қатысты мәселе көтерді. Оның айтуынша, бұл жұмыспен мемлекет айналысуы тиіс. Өйткені кәсіпкерлер мен жалпы қоғамда «ӨКМ операторы» компаниясының қызметіне қатысты көптеген сұрақ туып отыр.

Тіпті осы жеке компанияға қарсы қоғамдық қозғалыс ұйымдастыруға дейін барды. Сондықтан үкіметке утилизация алымын тоқтату туралы шара қолдануды тапсырды. Мемлекет басшысының пікірінше, утилизация алымымен шетелдегідей мемлекеттік ұйым айналысуы керек. 

Ал салықтың өзіне келсек, оның мөлшерін қайта қарау қажет. Автокөлік өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыруға қатысты мемлекеттің утилизациялау, қолдау қызметін ешкім алып тастаған жоқ. Бұл мәселені бизнес және қоғаммен конструктивті түрде талқылау керек. Қоғамдық автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алушыларға утилизация алымы есебінен ваучер беруді қарастыру қажет, - деді Президент.

Бүгінгі Мәжіліс отырысында Қазақстанның жаңа премьер-министрі тағайындалған болатын. Бұл қызметке Әлихан Смайылов келді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Павлодар облысында 3 көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
30.03.2023 | 09:04

Астана мен Семейде із-түзсіз жоғалған 2 ер адам өлі табылды

2 ер адам да 28 наурызда өлі табылды
30.03.2023 | 08:44

Қайрат Нұртастың анасы оның казинода ұтылып қалуына қатысты мәлімдеме жасады

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, мұның бәрі - хайп
30.03.2023 | 08:23

«22 градус аяз болады»: синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қазгидромет»  РМК Қазақстанда 30 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды
30.03.2023 | 08:05