Тағы бірқатар тұрғын үйлі болды
Су тасқынынан зардап шеккен 178 ақтөбелік отбасыға пәтер берілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе қаласында су тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы апатты деп танылған тұрғындар үшін қорлар арқылы 200 пәтер сатып алу жоспарланып отыр.
Ақтөбе қаласында 2 990 отбасы зардап шегіп, 2 790 үйге жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда пәтердің 178-і берілді. Су тасқынынан жалғыз баспанасы қирап қалған отбасыларға баспана беріледі. Қор қаражатына тұрғын үй сатып алу жұмыстары жалғасып жатыр, – деп қосты ведомство.
Қазіргі таңда 178 үйдің 14-і BI Group, 66-сы «Қамқор-Ақтөбе 2024», 98-і Болат Өтемұратов қоры арқылы сатып алынған.
Одан бөлек, Отбасы банк арқылы пәтер сатып алуға несие алуға болады. Банк барлығы 100 несие береді.
Бір қарыз алушыға ең көп дегенде 15 млн теңге беріледі. Несиелеу ставкасы – 5%. Бастапқы жарна сомасы 10% құрайды. Қарыз мерзімі банк талаптарына сәйкес болады, – деді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев.
Ақтөбе қаласындағы тасқын кезінде 2 990 отбасының зардап шегіп, 2 790 адамның үйлерін жөндеуге қаржы алғанын атап өткен жөн. Ал облыс көлемінде екінші нарықтан сатып алынған дайын үй саны – 495.