Қаулы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өзінің комиссиялық сыйақы мөлшерлемесін көтеруді жоспарлап отыр. Қаулының тиісті жобасы «Ашық НҚА» порталына жарияланды.
Құжатта Үкімет қаулысының қолданыстағы редакциясына өзгерістер енгізілген.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ қызметін іске асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасы есепті айда қордың шотына түскен активтер мөлшерінің 1,66 пайызынан аспайтын болып белгіленсін, - делінген қаулы жобасында.
Түсіндірме жазбада құжаттың негізгі мақсатының «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ үздіксіз қызметін қамтамасыз ету екендігі айтылған.
Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Бүгінде комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесі 1,56 пайызды қамтып отыр.