×

Магистратураға грант жеңіп алғандардың тізімі шықты

Кешенді тестілеу нәтижесі бойынша тағайындалды

 Қымбат Елтайқызы 24.08.2024 | 15:35
фото: Halyq Uni

Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды, деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды, – деп толықтырды ведомство.

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 15 196 адам қатысты.  

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама