×

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінімдер қашан қабылданады

Өтінім жіберу жолдары белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 24.08.2024 | 12:15
фото: Halyq Uni

Астананың Тұрғын үй орталығы «Елорда Жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдайды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, өтінім қабылдау 2024 жылғы 4 қыркүйек күні сағат 9:00-ден бастап, 2024 жылғы 10 қыркүйек күні сағат 23:59-ға дейін жүргізіледі.

Өтінімдер birge.astana.kz порталы арқылы электрондық түрде қабылданады, – деп толықтырды ведомство.

«Елорда Жастары» бағдарламасы «Отбасы банк» АҚ арқылы Астанада бастапқы немесе қайталама нарықта пәтер сатып алуға мүмкіндік береді. «Отбасы Банк» бағдарлама бойынша 75 кредиттік қарыз береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама