Көбі онлайн қызмет пайдаланған
Қазақстанда 150 мыңнан астам адам өзін құмар ойындардан шектеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, құмар ойындардан құтылуға көмектесетін арнайы қызметті онлайн (eGov mobile) – 149 973 адам, жазбаша – 3 213 адам пайдаланған.
Биылғы 18 наурыздан бастап азаматтарға құмар ойындарға қатысуын 6 айдан 1 жылға дейін өз бетінше шектеуге мүмкіндік беретін онлайн сервис жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде өзіне тыйым салғысы келетіндер саны айтарлықтай өсті. Өзін-өзі шектеу тек заңды, лицензиясы бар ойын компанияларына қатысты.
Ranking.kz сарапшыларының бағалауынша, қазақстандықтар былтыр құмар ойындарға 368,7 млрд теңге жұмсаған. Бес жылдағы жалпы сома 1 триллион теңгеден асты.