Halyq Uni логотип
×

Елімізде 150 мың адам өзін құмар ойындардан шектеді

Көбі онлайн қызмет пайдаланған

 Қымбат Елтайқызы 22.08.2024 | 17:59
Елімізде 150 мың адам өзін құмар ойындардан шектеді
фото: ҰҚК

Қазақстанда 150 мыңнан астам адам өзін құмар ойындардан шектеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, құмар ойындардан құтылуға көмектесетін арнайы қызметті онлайн (eGov mobile) – 149 973 адам, жазбаша – 3 213 адам пайдаланған.

Биылғы 18 наурыздан бастап азаматтарға құмар ойындарға қатысуын 6 айдан 1 жылға дейін өз бетінше шектеуге мүмкіндік беретін онлайн сервис жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде өзіне тыйым салғысы келетіндер саны айтарлықтай өсті. Өзін-өзі шектеу тек заңды, лицензиясы бар ойын компанияларына қатысты.

Ranking.kz сарапшыларының бағалауынша, қазақстандықтар былтыр құмар ойындарға 368,7 млрд теңге жұмсаған. Бес жылдағы жалпы сома 1 триллион теңгеден асты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама