ЖОО жатақханасынан орын беру ережесі белгілі болды
Бірінші кезекте кімдерге берілетіні айтылды
Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі жатақханадан орын беру ережесіне тоқталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жатақханалардағы орынды бөлген кезде бірінші кезекте жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектегі бар азаматтарға, ауыл квотасы шеңберінде грант алған балаларға, қандастарға, аз қамтылған отбасыдан шыққан азаматтарға басымдық беріледі. Сонымен қатар «Серпін» жобасы аясында білім алған жастарға жатақханадан орындар беріледі.
«Жоғарғы курс студенттері университет жанындағы жатақханадан орын жетпеген жағдайда, университеттер жеке меншік әріптестік аясында салынған жекеменшік жатақханалармен келісімшарт жасасып, сол жақтан орындар ұсынуға тиіс», - деді ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.