Тарифтің құнына көптеген фактор әсер етеді
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев әуе билеті қандай себептерге байланысты қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Жалпы тариф өзгермеді. Тариф әртүрлі элементтен тұрады. Оның ішіндегі ең бастысы – жанармай. Бүгінде қазақстандық зауыттар өндіретін жанармай (авиакеросин) жетпей жатыр. Сондықтан импорт жағынан бағаның өсу-өспеуі маусымға байланысты. Ол бағаға әсерін тигізеді. Тарифтің өзі өспейді, оған күнделікті факторлар әсер етеді, – деді Ластаев.
Министрдің орынбасары қазақстандықтарға әуе билетін ертерек сатып алуға кеңес берді.
«Билеттерді алдын ала алған дұрыс. Біздің мәліметімізше, бүгінде жолаушылардың 52%-ы әуе билетін 2 апта бұрын сатып алады. Егер одан бұрын алсаңыз, әуе билеті арзан болады», - деді ол.