×

Солтүстік Қазақстанда тарифті негізсіз көтерген коммуналдық кәсіпорын жазаланды

Бірнеше жыл бойы кәсіпкерлердің құқығы тапталған

 Қымбат Елтайқызы 20.08.2024 | 16:09
фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары «Атамекенмен» бірлесіп, судың тарифін төмендетті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мамлют ауданының коммуналдық кәсіпорны 2019 жылдан бастап тарифтерді белгілеу қағидаларының талаптарын бұзып, кәсіпкерлерден тұтынылған су үшін бюджеттік ұйымдарға бекітілген 1318 теңге (1 м3 үшін) көлемінде негізсіз ақы алған. Алайда соңғылар тұтынушылардың екінші тобына жатады, деп мәлімдеді облыстық прокуратура.

Қадағалау органы «Aтaмекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бұл мәселені зерделеп, заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізді, – деп қосты ведомство.

Оны қарау қорытындысы бойынша, кінәлілер белгіленген жауапкершілікке тартылып, облыстың табиғи монополияларды реттеу басқармасы 2024 жылғы 1 шілдеден бастап халық үшін 1 м3 үшін 190-нан 99,24 теңгеге дейін, ал басқа тұтынушылар үшін 1318,72-ден 688,81 теңгеге дейін су құнын төмендету арқылы уақытша өтемақы тарифін енгізу туралы бұйрық шығарды. Тұтынушыларға қаражат төмендетілген тариф арқылы өтеледі.

Нәтижесінде, қабылданған қадағалау шаралары Мамлютка қаласы тұрғындарының, оның ішінде жергілікті кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама