×

Жұмыскерлерге аударылған зейнетақы жарналары көлемі 100 млрд теңгеге жуықтады

4 миллионға жуық азамат жарна алды

 Қымбат Елтайқызы 20.08.2024 | 18:33
фото: Halyq Uni

Биыл 3,9 миллионнан астам Қазақстан азаматы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен қамтылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жұмыс берушілер 3 млн 926,5 мың жұмыскердің пайдасына 98,4 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды, – деп мәлімеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) кезең-кезеңімен, биыл 1,5%-дан 2028 жылға қарай 5%-ға дейін енгізу басталды. Жұмыс берушілердің ЖМЗЖ аударуы жұмыскерлерді қартайған шағында өмір бойы қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама