Жұмыскерлерге аударылған зейнетақы жарналары көлемі 100 млрд теңгеге жуықтады
4 миллионға жуық азамат жарна алды
Биыл 3,9 миллионнан астам Қазақстан азаматы жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен қамтылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жұмыс берушілер 3 млн 926,5 мың жұмыскердің пайдасына 98,4 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды, – деп мәлімеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) кезең-кезеңімен, биыл 1,5%-дан 2028 жылға қарай 5%-ға дейін енгізу басталды. Жұмыс берушілердің ЖМЗЖ аударуы жұмыскерлерді қартайған шағында өмір бойы қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.