Қазақстандықтарға жылу үшін 768 млн теңге қайтарылады
Шығындар қайта есептелген
Еліміздің тұтынушыларына жылу үшін 768 млн теңгеден астам қаражат қайтарылады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері бүкіл Қазақстан бойынша жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмысты аяқтады.
Қайта есептеу нәтижелері бойынша қаражатты қайтару тұтынушылардың дербес шотында жаңа жылыту кезеңінде (2024-2025жж) не күнтізбелік жылда (2024ж соңына дейін) аванс (сальдо) түрінде жеке жолмен көрініс табады, – дейді Табиғи монополияларды реттеу комитеті.
Табиғи монополиялар туралы заңнама нормаларына сәйкес, табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тікелей тұтынушыларға не жылу энергиясымен жабдықтау жөніндені реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету жолымен тұтынушының тұрған жерін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда қайта есептеуді жүргізуге міндетті.
Осылайша, 2023-2024 жылдардың өткен жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау саласында қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері ҚҚС есебімен жалпы сомасы 768 157,39 мың теңгеге есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясы үшін төлемақыны қайта есептеді:
- Астана қаласы – 2 279,97 мың теңге;
- Алматы қаласы – 95 405,36 мың теңге;
- Шымкент қаласы – 20 208,83 мың теңге;
- Абай облысы – 13 594,64 мың теңге;
- Алматы облысы – 18 100,47 мың теңге;
- Ақмола облысы – 33 522,87 мың теңге;
- Атырау облысы – 10 698,19 мың теңге;
- Ақтөбе облысы – 37 701,48 мың теңге;
- Шығыс Қазақстан облысы – 354 460,65 мың теңге;
- Жамбыл облысы – 15 098,45 мың теңге;
- Жетісу облысы – 6 073,80 мың теңге;
- Батыс Қазақстан облысы – 1 187,85 мың теңге;
- Қостанай облысы – 31 998,48 мың теңге;
- Қызылорда облысы – 38 588,60 мың теңге;
- Маңғыстау облысы – 60 948,78 мың теңге;
- Павлодар облысы – 4 128,56 мың теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 24 136,77 мың теңге;
- Түркістан облысы – 23,64 мың теңге.
Ұлытау облысы мен Қарағанды облысы тұтынушылары үшін өзге тәсіл қолданылады. Өйткені жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып жүргізіледі.
Жылу энергиясын есепке алу құралдары жылумен жабдықтау қызметтеріне жылу энергиясының нақты тұтынылған көлемі үшін ғана төлеуге мүмкіндік береді. Бұл жылыту маусымында болуы мүмкін артық төлемді болдырмауға көмектеседі. Бүгінгі таңда еліміздегі көппәтерлі тұрғын үйлерді жабдықтау деңгейі шамамен 75%-ды құрайды. Қосымша сұрақтар бойынша ТМРКД-ға жүгіне аласыздар:
- Астана қаласы (7172) 36-11-52;
- Алматы қаласы (727) 279-31-39;
- Шымкент қаласы (7252) 32-15-05;
- Абай облысы (7222) 52-17-91;
- Ақмола облысы (7162) 50-43-63;
- Алматы облысы (7273) 05-91-29;
- Атырау облысы (7122) 21-10-38;
- Ақтөбе облысы (7132) 55-73-38;
- Шығыс Қазақстан облысы (7232) 61-04-88;
- Жамбыл облысы (7262) 45-94-68;
- Батыс Қазақстан облысы (7112) 24-01-76;
- Қарағанды облысы (7212) 41-18-27;
- Қостанай облысы (7142) 54-28-76;
- Қызылорда облысы (7242) 26-22-93;
- Маңғыстау облысы (7292) 43-84-11;
- Павлодар облысы (7182) 32-12-02;
- Солтүстік Қазақстан облысы (7152) 53-42-55;
- Түркістан облысы (7253) 35-30-12;
- Ұлытау облысы (7102) 76-07-24;
- Жетісу облысы (7282) 24-28-05.