Halyq Uni логотип
×

Елордада жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдікті ұсталды

Жас жігіт бұл істі кәсіпке айналдырған

 Қымбат Елтайқызы 15.08.2024 | 10:19
Елордада жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдікті ұсталды
фото: Halyq Uni

Астана полицейлері тұрғындарға жоқ пәтерді жалға берген күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, Anti-Fraud жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Алматы ауданы ПБ қызметкерлері пәтерлерді жалға беремін деген сылтаумен азаматтарды алдап, ақша тауып жүрген 21 жастағы интернет-алаяқты анықтады.

Алаяқ пәтерлерді қолжетімді бағада жалға беру туралы хабарландырулар орналастырған және ол хабарласушыларды тұрғын үйге деген сұраныс жоғары, қоныстанғысы келетіндер көп деп сендірген. Яғн, күдікті пәтерді жақын арада басқалар жалға алуы мүмкін екенін айтып, алдын ала төлем жасауды талап еткен. Ақшаны алғаннан кейін қаскүнем байланысқа шықпай қойған, – деп қосты ІІМ баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қалалық полиция департаменті азаматтарға мұқият болу керектігін ескертеді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама