Halyq Uni логотип
×

Автокөлік ұтысын заңсыз ойнатқан блогер айыппұл арқалады

Ол билет ақшасын өзінің Kaspi.kz қосымшасына аудартып алып отырған

 Халық үні 14.08.2024 | 21:21
Автокөлік ұтысын заңсыз ойнатқан блогер айыппұл арқалады
фото: sportishka.com

Түркістан облысында заңсыз автокөлік ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер сотталды.

Кентау қалалық соты лоторея ойынын ұйымдастырған азамат Н.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады.

Соттың мәліметінше, жергілікті тұрғын 2024 жылдың маусым айында TikTok әлеуметтік желісі арқылы арнайы билеттерді сату арқылы автокөліктің ұтыс ойынын өткізген. Билеттерді сату Kaspi.kz банк қосымшасы арқылы ақша аударымдары арқылы іске асырылған.

Сот ұтыс ойынын ұйымдастырған азаматты кінәлі деп тапты.

Сот қаулысымен азамат Н. әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 258 440 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, – делінген сот хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама