Биыл тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар саны артады
Кімдерге тегін тағам берілетіні де айтылды
2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100 мың балаға артқан.
Тегін ыстық тамақтанумен 1-4 сынып оқушылары, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қамтылады, – деп қосты ведомство.
Елімізде «Әлеуметтік әмиян» арқылы мектептерде тегін тамақтандыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Ол eGov Mobile қосымшасында жұмыс істейді. Жобаны Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірлеген. Жоба ата-аналарға бұл қызметті проактивті түрде қолдануға, балаларының мектеп асханаларына баруын бақылауға әрі жеңілдікпен тамақтану үшін цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.