Halyq Uni логотип
×

Еліміздегі жұмыссыздық деңгейі белгілі болды

Маңызды статистика жарияланды

 Қымбат Елтайқызы 13.08.2024 | 16:08
Еліміздегі жұмыссыздық деңгейі белгілі болды
фото: Halyq Uni

Ұлттық статистика бюросы еңбек нарығындағы жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Halyq Uni.

2024 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады. Жұмыссыздық деп табысты жұмысы болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын кез аталады.

Республика экономикасының әртүрлі саласында 9 190,4 мың адам жұмыспен қамтылды. Олардың 6971 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 75,9%) жалдамалы қызметкер болса, 2 219,4 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 24,1%) – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,9% құрады. Ал 15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2% құрады, – деп қосты ведомство.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2024 жылдың шілдесінің соңына 338,7 мың жұмыссыз ресми түрде тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3,5%-ын құрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама