Halyq Uni логотип
×

Атырауда құрылыс компаниясы 220 үлескердің ақшасын жымқырған

Олар пәтерлерді әртүрлі адамдарға бірнеше рет сатқан

 Динара Амантай 13.08.2024 | 15:35
Атырауда құрылыс компаниясы 220 үлескердің ақшасын жымқырған
Фото: Halyq Uni

Атырауда құрылыс компаниясы 220 үлескердің ақшасын жымқырған, деп хабарлайды Halyq Uni.

2020 жылы екі адам «Жібек Жолы Атырау» және «Ақмаржан-Атырау» тұрғын үй-құрылыс кооперативін құрған. 2020-2021 жылдары бұл ТҚК қалада «Ақмаржан» және «Жібек Жолы» тұрғын үй кешендерін салу мақсатында 220 үлескердің 2 млрд теңгесін алып, олармен ТК құрылысына қатысу шарттарын жасасқан. Онда құрылысты аяқтау және ТК пайдалануға беру мерзімі 2021 жылдың қазан және желтоқсан айлары деп көрсетілген. Алайда жауапкерлер аталған мерзімде құрылысты аяқтай алмаған.

Олардың үстінен қозғалған қылмыстық іс аясында пәтерлер әртүрлі адамдарға бірнеше рет сатылғаны белгілі болған.

2023 жылы ТҚК құрылтайшылары ҚК-тің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 195-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы («Алаяқтық әрекеттері және алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру») бойынша 6 жылға бас бостандықтарынан айырылды, – делінген Жоғары сот хабарламасында.

220 үлескер Атырау қалалық сотына екі ТҚК-ға және олардың құрылтайшыларына олармен жасалған шарттарды бұзу және аяқталмаған құрылыс объектілерінен өндіріп алынған ақшалай қаражатты өздері құрған ТҚК-3-ке беру туралы талап қою жолдаған. Олар арыздарында компания шарт талаптарын айтарлықтай бұзғанын, төлемді алғаннан кейін үйлердің құрылысын аяқтамағанын және талап қоюшыларға пәтерлерді бермегенін атап көрсеткен.

Қалалық сот 220 талап қоюшының талаптарын негізді деп есептеп, оларды толық көлемде қанағаттандырды, – делінген хабарламада.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама