Halyq Uni логотип
×

Бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер декларация тапсыра ма? – сот жауап берді

Конституциялық сот осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады

 Қымбат Елтайқызы 13.08.2024 | 12:09
Бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер декларация тапсыра ма? – сот жауап берді
фото: Конституциялық сот

Қазақстан азаматы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекстің 630 және 633-баптарының Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін Конституциялық сотқа жүгінді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Конституциялық сот мәліметінше, өтініш беруші жоғарыда көрсетілген баптардың мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыруға міндеттейтін ережелері оның Конституцияның 18-бабының 2-тармағында кепілдік берілген жеке салымдар мен жинақтардың құпиясына конституциялық құқығын бұзады деп санайды.

Конституциялық сотқа жүгінгенге дейін бұл мәселе бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда қаралған. Қарау нәтижелері бойынша Конституциялық сот декларация тапсыру жөніндегі міндет жеке салымдар мен жинақтардың құпиясына құқықты шектемейтінін атап өтті. Сонымен қатар, өтініш беруші басқа дәлелдер келтірмей, негіздемесінде тек сот актілерімен келіспейтіндігін білдірген, – деп қосты ведомство.

Конституциялық сот өтінішті алдын ала қарау нәтижелері бойынша бұл норманың Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін жол берілген шарттардың анықталмағанын жеткізді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама