Заңсыз алынған ақшаны қайтару мәселесі қарастырылып жатыр
1 маусымда Өскеменде көші-қон қызметкерлері қос азаматтық алған әйелді анықтаған. 64 жастағы қала тұрғыны соңғы 17 жылдан бері көрші ел азаматы бола тұра, Қазақстанда тұрып, 5 жыл бойы зейнетақы алып жүрген.
Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қазақстандық құжаттар тәркіленіп, азаматтығынан айырылды және заңсыз алынған ақшаны қайтару мәселесі қарастырылып жатыр, - деді ШҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.
Айта кетсек, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының аумағынан қос азаматтығы бар 35-тен астам адам анықталған.