Астана әкімдігі мыңға жуық білім грантын бөлді
Талапкерлер конкурсқа қатыса алады
Елорда әкімдігі түлектер үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарына мыңға жуық білім грантын бөлді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қаланың жергілікті білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына талапкерлерден құжаттарды қабылдау басталды. Құжаттар 2024 жылдың 5 тамызынан 10 тамызына дейін қабылданады, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.
Астана әкімдігінің білім беру гранты еліміздегі 8 жоғарғы оқу орнына бөлінді:
- «Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ;
- «Астана халықаралық университеті» ЖШС;
- «А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты» ЖБМ;
- «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы» ЖШС;
- «Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ;
- «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті»;
- «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» КЕАҚ;
- «Астана Медицина университеті» КЕАҚ.
Құжаттар университетке тапсырылуы қажет. Грант ұтып алған жастар оқу аяқталысымен тиісті облыста, республикалық маңызы бар қалаларда немесе елордада кемінде 3 жыл жұмыс істеуі керек.