Halyq Uni логотип
×

Батыс Қазақстанда тұрғындардың 100 млн теңгесін иемденген алаяқ ұсталды

Барлығы 7 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды

 Қымбат Елтайқызы 06.08.2024 | 14:20
Батыс Қазақстанда тұрғындардың 100 млн теңгесін иемденген алаяқ ұсталды
фото: Halyq Uni

Батыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары тұрғындардың 100 млн теңгесін алаяқтықпен иемденген күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Орал қалалық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 42 жастағы тұрғынын анықтап, қолға түсірді. Ол өзін құрылыс саласының маманы, пәтерлердің иесі немесе делдал ретінде таныстырып, пәтерлерді сатып, ресімдеумен айналыса отырып, облыс тұрғындарының ақшалай қаражатын иемденген, деп мәлімдеді Polisia.kz.

Мәселен, Жаңақала ауданының тұрғыны 2022 жылы оған 30 миллион теңге қаржысын аударса, Орал қаласының тұрғыны 2020 жылы үйді ресімдеу үшін 27,5 миллион теңге ақшасын берген. Облыс тұрғындарына келтірілген залал сомасы 100 миллион теңгеден асады. Алаяқтық фактісі негізінде 7 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп қосты ведомство.

Облыстық полиция департаменті тұрғындарға қырағы болуды, бейтаныс және тексерілмеген адамдарға сенбеуді сұрайды. Танымайтын адамдарға үлкен соманы бермеу қажет. Сондай-ақ телефон алаяқтарымен сөйлескен кезде қырағылық танытып, мұқият болған жөн.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама