Жеке тұлғаға қаржы жылына белгіленген АЕК-тің 45 еселенген мөлшерінде, 45 күнге дейінгі мерзімге беріледі
Қазақстанда шағын несиелер беру туралы келісімдерді жасасу тәртібіне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қаулы жобасын кеше Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялаған.
Жеке тұлғамен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 45 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде, күнтізбелік 45 күнге дейінгі мерзімге жасалған микронесие беру туралы шарттың жалпы талаптары қамтылады, - делінген құжатта.
Түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне несие беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқығын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының 17-тармағының 3-тармақшасын іске асыру шеңберінде жасалғаны да жазылған.
Құжат жобасына сәйкес, мынадай талаптар қамтылады:
Қаулы жобасы 19 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады. Сондай-ақ 20 тамыздан бастап қаулы қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.