Атырауда тұрғындардың атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Қымбат Елтайқызы

Осылайша, ол 7 млн теңге иемденген

фото: polisia.kz

Атырауда бірнеше тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті құрықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Атырау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында банк қосымшасы арқылы бірнеше тұрғынның атынан 7 млн теңгеге жуық несие рәсімдеп, заңсыз иемденген 36 жастағы күдіктіні ұстады, – деп мәлімдеді Polisia.kz.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.