×

Декларацияны 15 қыркүйекке дейін тапсырмағандарға айыппұл салынады

Салық міндеттемесінің уақтылы орындалмауын болдырмау үшін қазірден қамданған жөн

 Халық үні 26.07.2024 | 23:05
фото: freepik.com

Биыл 2 млн 400 мың адам активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыруға міндетті. Оның 236 мыңы – Астана қаласының тұрғындары.

Қазір елордалық кәсіпкерлердің 30 пайызы, яғни 70 мыңнан астамы кірістер комитетіне табысы туралы ақпарат берген.

Айта кетсек, декларация тапсыру мерзімі 15 қыркүйекте аяқталады. Жауаптылар салық міндеттемесінің уақтылы орындалмауын болдырмау үшін қазірден қамданған жөн дейді.

15 қыркүйекте тапсырмаған жағдайда, 15 АЕК айыппұл салынады. Айыппұлдың біріншісі ескерту болады. Екіншісі – әкімшілік айыппұл. Салық басқармалары мүліктерін жасырып қалған кісілерге де 15 қыркүйектен кейін тексеріс бастайды. Оларға да айыппұл салынады, – деді Астана қаласы Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Тоқтар Қойжанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама