Қор кәсіпкерлікке қатысты толық ақпарат берді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жарнасын төлемеген кәсіпкерлерге қандай жаза қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жеке кәсіпкерлер МӘМС-ке қалай қатысады?
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар МӘМС-ке табыс көлеміне қарамастан 1,4 ең төменгі жалақының 5% мөлшерінде тіркелген жарналар төлейді. 2024 жылы жеке кәсіпкерлер үшін төлем мөлшері 5 950 теңгені құрайды.
2024 жылдың бірінші жарты жылдығында Астана қаласы бойынша 95 мыңнан астам жеке кәсіпкер 2,4 млрд теңге көлемінде жарна төледі. Жеке кәсіпкер басқа әлеуметтік аударымдар мен салықтармен қатар, жарналарды есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ай сайын төлейді.
Егер салық есептерін беруді тоқтатқан немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сай әрекетсіз деп танылған жеке кәсіпкерлер МӘМС жүйесіне жарна төлемейді. Есеретіні, жеке кәсіпкер салық есептерін беруді тоқтатпаса, оның табысының мөлшеріне қарамастан жарнаны төлейді.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкер келесі жеңілдік санаттарының біріне кірсе, жарна төлеуден босатылады:
Төлемегендерге қандай жаза қарастырылған?
Біріншіден. Жарналарды уақытында төлемеген жағдайда, кешіктірілген әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі базалық ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде айыппұл есептеледі.
Екіншіден. Егер жеке кәсіпкер жарналарды төлеуден жалтарса, салық органдары ӘҚБтК-нің 92-1-бабына сәйкес, әкімшілік жазалау шараларын қолданады. Егер жарналар бойынша берешек өтелмесе, салық органдары банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтатуы мүмкін, яғни шоттар бұғатталады.
ЖК-ның ҚМСЖ-ға жарналарды төлемеуі, уақтылы төлемеуі және (немесе) толық төлемеуі ескерту жасауға әкеледі. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда төлем жасамағанға айыппұл салынады:
Берешек қалыптасқан және шоттар бұғатталған жағдайда не істеу керек?
Біріншіден, салық төлеушінің кабинетінде (Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында немесе e-salyq мобильді қосымшасында) салық органы хабарламасын тауып, шоттардың бұғатталу себебін анықтау қажет немесе ЖК тіркелген жердегі салық органына жүгіну қажет.
Әрі қарай, берешекті (жарналар, айыппұлдар немесе өсімпұлдар) төлеу қажет. Мұны кез келген екінші деңгейдегі банк бөлімшесі, оның ішінде банктердің мобильді қосымшалары, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ арқылы жасауға болады.
2-3 жұмыс күні ішінде қаражаттың қайтарылуын тексеруді ұмытпаңыз. Егер ЖСН немесе ТАӘ, төлем сомасы, төлем мақсатының коды дұрыс көрсетілмесе, жарналар қайтарылуы мүмкін.