Зейнетақы қорынан тіс емдетуге берілетін бір реттік төлем тоқтатылады
Ал балаларды емдеу үшін бұл төлемді пайдалануға болады
Қазақстандықтарға зейнетақы қорынан тіс емдетуге берілетін бір реттік төлемге уақытша тыйым салынады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының жобасында айтылған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Құжатқа сәйкес, ДСМ 2024 жылғы 10 тамыздан бастап 2025 жылғы 1 ақпанға дейін медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер, атап айтсақ тісті протездеу және имплантациялау қызметіне зейнетақы қорындағы жинақты пайдалануды тоқтатып отыр.
Дегенмен балаларды емдеу үшін біржолғы зейнетақы төлемін пайдалануға болады.
Бұйрықтың жобасы 7 тамызға дейін талқыланады.