Halyq Uni логотип
×

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтар туралы ескертті

Олардың қылмыстық схемасы белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 23.07.2024 | 09:45
Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтар туралы ескертті
фото: Halyq Uni

Мемлекеттік кірістер комитеті жалған хабарламалар жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Құрметті салық төлеушілер! Бүгінгі күні салық төлеушілердің электрондық мекен-жайларына жіберілетін «банк шоттарындағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алу туралы заңбұзушылықтарды жою жайлы ескерту» деген тақырыппен жалған хабарламалар тарату жағдайлары жиілеп кетті. МКК Мемлекеттік кірістер органдары қалыптастыратын барлық хабарлама нормативтік-құқықтық актілермен бекітілгенін мәлімдейді. Комитеттің ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарлама нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде жасалады», – дейді ведомство.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері хабарламаларды тек «салық төлеушінің кабинетіне», «электрондық үкімет» порталының жеке кабинетіне және е-salyq мобильді қосымшаларына жібереді. Салық төлеуші хабарламалардың бір бөлігін бірден өзінің жеке кабинетінде КТС, ЭҮП немесе ESA, ESO-да көре алады. Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылған хабарламалар салық төлеуші қол қойылған PDF нысанын өзінің электрондық поштасына КТС немесе ЭҮП арқылы дербес сұратады, – деп толықтырды МКК.

Комитет осыған байланысты қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, қолма-қол ақша аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді. МКК ақпараттық жүйелері арқылы салық төлеушілердің электрондық пошталарына хат жібермейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама