Halyq Uni логотип
×

Желіде Тоқаевтың суреті бар хабарлама тарады

Онда әр азаматқа 150 мың теңгеден беріледі делінген

 Қымбат Елтайқызы 21.07.2024 | 15:41
Желіде Тоқаевтың суреті бар хабарлама тарады
фото: stopfake.kz

Қазақстан Президентінің фотосуреті төлемдер туралы жалған жарнамада тағы да қолданылып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Әлеуметтік желілерде бір реттік әлеуметтік төлем жайлы жалған хабарландыру тағы тарап жатыр. Алаяқтар ақпарат шынайы болып көрінуі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнесін пайдаланған. Хабарламада әрбір қазақстандыққа 150 мың теңгеден беріледі делінген. Жаңа мемлекеттік бағдарлама іске қосылған екен. Бұл –  жалған, деп мәлімдеді Stopfake.kz.

Алаяқтардың айтуынша, төлем туралы бірқатар министрлік хабарлаған. Бұл мәлімет тексерілді. Бірде-бір ведомство мұндай жаңалық жарияламаған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында да, Қаржы министрлігінің сайтында да ештеңе жоқ. Алаяқтар атап өткен ҚР Қайырымдылық қоры деген қор жоқ. Алаяқтардың сөзінше, бұл мемлекеттік бағдарлама Halyk Bank-пен бірлесіп іске асырылып жатыр. Бірақ қаржы мекемесінің ресми порталында да төлемдер жайлы айтылмаған. Президенттің ресми сайтында мұндай мағлұмат жоқ.

«Қылмыскерлер берген сілтемеде азаматтар төлемнің бар-жоғын тексеру үшін ЖСН теруге тиіс. Бұл – айла. Күмәнді сайтта деректерді қалдыра отырып, сіз өзіңіз туралы маңызды ақпаратты белгісіз адамдарға бересіз. Олар оны өз мақсатында пайдалана алады. Баршаңызды ресми хабарландыруға ғана сенуге шақырамыз», – деп ескертті басылым.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама