5 мектеп пен 2 балабақшаға аудит жүргізілді
Астана қаласында тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтіп, білім беру ұйымдарында оқушылар тамағына бөлінген жан басына шаққандағы қаржыға мемлекеттік аудитінің қорытындылары жарияланды.
Аудит Астанадағы 5 орта білім беру (№4 мектеп-гимназия, №15 мектеп-лицей, №28 мектеп-лицей, №37 мектеп-лицей, №84 мектеп-лицей) және 2 мектепке дейінгі білім беру ұйымында (№22 бөбекжай-балабақша, №49 бөбекжай-балабақша) өткізілді.
2021-2023 жылдары еңбекақы төлеуге бөлінген бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану салдарынан 58 млн теңге шығын келген.
№4 мектеп-гимназиясы 15,6 млн теңге, №15 мектеп-лицей 10,6 млн теңге, № 5 мектеп-лицейі 28,5 млн теңге, № 84 мектеп-лицейі 24, 2 млн теңге, № 22 балабақша 582 мың теңге, № 49 бөбекжай-бақшасы 1,4 млн теңге шығын анықталды.
Сондай-ақ Білім басқармасы жергілікті атқарушы органның шешімінсіз штат кестесінде 4 мемлекеттік мекеменнің басшы құрамы мен бас бухгалтерлерінің лауазымдық жалақысын (№4 мектеп-гимназия, №15 мектеп-лицей, № 28 мектеп-лицей және № 84 мектеп-лицей) негізсіз бекіткен.
Орта білім беру ұйымдары директорлары мен директор орынбасарларына 18 млн теңге заңсыз төленген. Сондай-ақ оқытушылардың 24 сағаттық жұмыс күнінен жалпы сомасы 271,4 млн теңгеге асыра көтерілген (№4 мектеп-гимназиясы – 10 млн теңге, № 28 мектеп-лицей 7, 6 млн теңге, № 37 мектеп-лицей 426,6 мың теңге), - деп хабарлады Астана бойынша Тексеру комиссиясы.
Сондай-ақ білім мекемесі қызметкерлеріне жалпы сомасы 68 млн теңгеге (№37 мектеп-лицей – 860 мың теңге, №84 мектеп-лицей 67,2 млн теңге) лауазымдық жалақысынан асатын сыйақы негізсіз төленген.