×

Алматыда жолақысы 120 теңге болады

Қала мәслихаты жаңа тарифті мақұлдады

 Халық үні 19.07.2024 | 12:50
Фото: Halyq Uni

Алматы мәслихаты қоғамдық көлікте жол жүрудің жаңа тарифін мақұлдады. Соған сәйкес, жолақысы енді 120 теңге болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазір қалада 22 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі жұмыс істейді. Күн сайын желіде шамамен 2,3 мың автобус пен 184 троллейбус жүреді. Қоғамдық көлікпен қатынайтын жолаушылар саны күніне 1,5 миллион адамнан асты.

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың айтуынша, 2023 жылғы тамызда жол жүру тарифі 11 жылда алғаш рет 100 теңгеге дейін көтерілген. Соған қарамастан жол ақысын төлеуден түсетін күнделікті түсім автобустарды жөндеу, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын сатып алу сияқты тасымалдаушылардың барлық шығынын өтемейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама