Halyq Uni логотип
×

Елімізде жәрдемақыға бөлінген қаржы көлемі артты

Шілдеде 346,8 млрд теңге төленді

 Қымбат Елтайқызы 18.07.2024 | 12:49
Елімізде жәрдемақыға бөлінген қаржы көлемі артты
фото: Halyq Uni

Қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 346,8 млрд теңге төленді. Өткен айда бұл көрсеткіш 289 млрд теңгені құраған еді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 306,6 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 40,2 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 540,1 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 198,5 мың адамды құрайды, – деп толықтырды ведомство.

Бұған дейін Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері азайғаны жайлы жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама