Қазір елімізде 2 млн 391 мың зейнеткер тұрады
Қазақстандағы орташа зейнетақы көлемі төмендеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жыл басынан бері қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 1 трлн 861,7 млрд теңге сомасында зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 585,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 275,8 млрд теңге қарастырылды, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 млн 391 мың адам. Ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 110 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 479 теңге, базалық зейнетақы – 42 631 теңге, – деп толықтырды ведомство.
Ал 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңгені құраған болатын.