Halyq Uni логотип
×

Тауарды негізсіз қымбаттатқан Small, Metro мен Esentai жазаланды

Елімізде жарты жылда 2 мыңнан сауда субъектісі заң бұзған

 Қымбат Елтайқызы 18.07.2024 | 09:49
Тауарды негізсіз қымбаттатқан Small, Metro мен Esentai жазаланды
фото: yandex.kz

Қазақстанда жарты жылда заң бұзған 2 228 сауда субъектісі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жыл басынан бері Сауда комитетінің өңірлердегі департаменттері сауда заңнамасын бұзғаны үшін 2 357 әкімшілік іс қозғады. Нәтижесінде 2 228 әкімшілік қаулы қабылданып, 381 сауда субъектісіне айыппұл салынса, құқық бұзушылықты алғаш жасаған кәсіпкерлік субъектілеріне 1 847 ескерту берілді, деп мәлімдеді Сауда комитеті.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биылғы жылдың 6 айында мемлекеттік бақылау нәтижелерінің көрсеткіші 2 еседен астам өсті. Заң бұзушылықтың басым бөлігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 2 бабы бойынша байқалып отыр. Бірі – ӘМАТ тауарларына сауда үстемесін арттыру (ӘҚБтК-нің 204-4-бабы), екіншісі - баға белгілерінің болмауы немесе әртүрлі бағаны қолдану (ӘҚБтК-нің 193-бабының 4 және 5-тармағы), – деп толықтырды ведомство.

Сауда үстемесін арттырғаны үшін Алматы қаласындағы республика көлемінде бірнеше филиалы бар Small және Metro ірі сауда желілері, сондай-ақ мегаполистегі аса ірі премиум-класстағы Esentai Gourmet гастрономы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама