Halyq Uni логотип
×

Шымкентте 5,9 млрд теңгенің мүлкі мен акциялары мемлекетке қайтарылды

Сот қала прокуратурасының арызын қанағаттандырды

 Динара Амантай 17.07.2024 | 10:01
Шымкентте 5,9 млрд теңгенің мүлкі мен акциялары мемлекетке қайтарылды
Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласының прокуратурасы осы жылдың I жартыжылдығында экономикалық ресурстарды монополиясыздандыру саласында жалпы құны 5,9 млрд теңге болатын мүлік және акцияларды мемлекетке қайтарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокуратураның мәліметінше, сот Б. Ибрагимнің қылмыстық жолмен алған жер учаскесі мен құрылыс нысандарын мемлекетке қайтару туралы қала прокуратурасының талап-арызын қанағаттандырды.

Бағалау қорытындысына сәйкес құны 357,7 млн теңге болатын жылжымайтын мүлік Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі 2,5 жылдың ішінде олигополиялардан 1,7 млн теңгені мемлекетке қайтарғанын хабарлаған болатынбыз. Антикор төрағасы нақты елдермен екіжақты ынтымақтастық маңыздылығын атап өткен болатын. Соның арқасында Австрия, Франция, Лихтенштейн, Әмірліктер, Түркия, Ресей және басқа елдерден елге 736 млн доллардан астам ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, зергерлік бұйымдар қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама