Олигополиялар Қазақстан халқына 1,07 трлн теңге қайтарды
Шетелдерден 736 млн доллардың активтері өндірілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2,5 жылдың ішінде олигополиялардан 1,7 млн теңгені мемлекетке қайтарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Антикор төрағасы Асхат Жұмағалидің төрағалымен өткен алқа отырысында аяқталған қылмыстық істер шеңберінде жыл басынан бастап шамамен 195 млрд теңге өтелгені айтылды. Агенттік 2,5 жылдың ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,07 трлн теңгені қайтарған.
Агенттік өкілдерінің айтуынша, қазір қаражат көбіне басқа юрисдикцияларға шығарылады, сондықтан ұрланған активтерді анықтау және қайтару бойынша халықаралық ынтымақтастық маңызды болып отыр.
СЖҚА халықаралық құқық қорғау желілерімен – БҰҰ жанындағы GlobE, Эгмонт, CARIN және ARIN тобымен белсенді ынтымақтастық жүргізіп жатыр. Бұл шетелдік серіктестермен ақпарат алмасуды айтарлықтай жеделдетеді және жеңілдетеді.
Нақты елдермен екіжақты ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Соның арқасында Австрия, Франция, Лихтенштейн, Әмірліктер, Түркия, Ресей және басқа елдерден елге 736 млн доллардан астам ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, зергерлік бұйымдар қайтарылды, – делінген Антикор хабарламасында.
Бүгінде Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволармен 13 меморандум жасасты. Оның ішінде Әзірбайжан, Гонконг, Катар және Ресеймен биыл қол қойылды.