Halyq Uni логотип
×

Биыл жұмысынан айырылған қазақстандықтар 39 млрд теңге арнайы төлем алды

Бұл қаржыны Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төледі

 Қымбат Елтайқызы 16.07.2024 | 12:00
Биыл жұмысынан айырылған қазақстандықтар 39 млрд теңге арнайы төлем алды
фото: Halyq Uni

180 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 180,2 мың адамды құрады. Бұл ретте, биыл 128,3 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 39 млрд теңге болды, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады, – деп толықтырды ведомство.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:

  • eGov.kz порталында авторизациялану;
  • «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
  • онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
  • бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (керек болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады).

Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде, Еңбекминнің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Жұмыстан айырылған жағдайда МӘСҚ қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан беріледі және ол жұмыссыз адамды жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама