Астанада әкімдікке қарасты спорт мекемесінде 40 млн теңге ұрланды
Күдікті қамауға алынды
Астананың спортты дамыту дирекциясында 40 млн бюджет қаражаты ұрланған. Мұны Қаржы мониторингі агенттігі анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Астана әкімдігінің «Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бюджет қаражаты жүйеkі түрде жымқырылған.
2021-2022 жылдары мекеменің лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген қаражатты жымқырған. Алайда ешқандай іс-шара өткізілмеген. Жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұрғанын, тамағына жұмсалған қаражат туралы жалған есеп тапсырған.
Соның салдарынан мемлекетке 40 млн теңгеден аса шығын келген.
Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.