Halyq Uni логотип
×

Елімізде тұтынушылар жарты жылда 777 млн теңгесін қайтарып алды

10 мың тұтынушы өз құқықтарын қорғады

 Қымбат Елтайқызы 11.07.2024 | 10:20
Елімізде тұтынушылар жарты жылда 777 млн теңгесін қайтарып алды
фото: Halyq Uni

Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті жарты жылда 777 млн теңгеден астам қаражатты тұтынушыларға қайтарды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, қайтарылған жалпы сома 777,1 млн теңгені құрайды. Барлығы 10 мың тұтынушының құқықтары қорғалды.

Ірі істерге, яғни қайтару сомасы 5 млн теңгеден басталатындарға келсек, 18 іс бойынша 112 млн теңге қайтарылды. Кемінде 5 млн теңге қаржы туралы айтсақ, 34 тұтынушыға 437,6 млн теңге қайтарылды, – деді Сауда және интеграция министрлігі.

Аймақтар бойынша атқарылған жұмыс:

  • Астанада 28 тұтынушыға 5,3 млн теңге;
  • Алматыда 7 тұтынушыға 122,1 млн теңге;
  • Ақтөбе облысында 34 тұтынушыға 60,4 млн теңге;
  • Маңғыстау облысында 5 тұтынушыға 2,5 млн теңге;
  • Шымкентте 5 тұтынушыға 1,5 млн теңге; 11 тұтынушының әрқайсына 165 мың теңге;
  • Батыс Қазақстан облысында 15 тұтынушының әрқайсына 100 мың теңгеден моральдық зиян өтелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама