×

Астанада 10 жыл бойы салынған тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды

Бүгін үлескерлерге пәтер кілті табысталды

 Қымбат Елтайқызы 06.07.2024 | 18:10
фото: Астана әкімдігі

Елордада 10 жыл бойы салынған тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Құрылысы 10 жылға созылған тағы бір нысанды аяқтадық. Жеке құрылыс салушы үлескерлердің қаражатын 2014 жылы қабылдай бастаған, алайда тұрғын үй кешенінің құрылысы 2015 жылы тоқтап қалған», – деп жазды әлеуметтік желідегі парағында қала басшысы.

Содан бері «Қорғалжын кварталы» тұрғын үй кешенінде пәтер кілтін 280 үлескер күтіп жүрді. Оны ЕҚК-ге тапсыру кезінде нысанның тек 60% ғана дайын болатын. Бұл ретте құрылыс материалдарының табиғи түрде ескіруіне байланысты көптеген конструкциясы демонтаждалды. Сол сияқты үйге техникалық тексеру жүргізіліп, шатыры күшейтілді әрі жөндеу жүргізілді, барлық қабаты салынды және т.б, – деп толықтырды Жеңіс Қасымбек.

«Бүгін Астана күніне орай үлескерлерге пәтер кілтін тапсыра бастадық. Қоныс тойы және елорда күні құтты болсын» - деп түйіндеді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама