Halyq Uni логотип
×

Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түрі жайлы мәлімдеме жасады

Қазір түрлі ұйымның атын жамылған алаяқтар көбейген

 Қымбат Елтайқызы 06.07.2024 | 13:20
Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түрі жайлы мәлімдеме жасады
фото: Halyq Uni

Алаяқтар әлеуметтік желіде Қазақстан Ұлттық банкінің жалған парақшасын ашқан, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Интернет-алаяқтар танымал әлеуметтік желіде Ұлттық банктің жалған аккаунтын тіркеген. Ол азаматтардың жеке мәліметтерін немесе ақшасын ұрлау үшін пайдаланылуы мүмкін, деп мәлімдеді Қазақстанның Ұлттық банкі.

«Ұлттық банк алаяқтық іс-әрекеттердің жиілеп кеткендігі туралы ескертеді. Алаяқтар Instagram әлеуметтік желісінде national_bank_kazakhstan фейк парақшасын тіркеген. Алаяқтар мұндай фейк парақшаларды түрлі мақсаттарда ашады – фишингтік хаттар жіберу, азаматтардың жеке деректерін немесе ақшасын ұрлау. Қазақстан Ұлттық банкіне ұқсас және үйлесімді домендік атауларды қолдана отырып, олар фишингтік хаттарды жіберу үшін реттеушінің поштасының жалған мекен жайларын жасайды. Мұндай хаттарда, әдетте, жалған сайтқа сілтемелер немесе шұғыл құжаттармен және төлем өкімдерімен танысу туралы өтініштер болады.

Бұл ретте сілтеме бойынша өткен жағдайда, пайдаланушының мобильді құрылғысына зиянды бағдарламалық жасақтама жүктеледі. Ол кейіннен құрылғыны қашықтан басқару үшін қолданылады.

Ұлттық банк реттеушінің әлеуметтік желідегі жалғыз ресми аккаунты осы сілтемеде екенін хабарлайды.

Қазақстанның Ұлттық банкі жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақшалай қаражатты сақтандырумен айналыспайды, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырысулар жүргізбейді», – делінген хабарламада.

Ұлттық банк күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береді. Егер сіз немесе сіздің таныстарыңыз алаяқтық схемаларға тап болсаңыздар, онда құқық қорғау органдарына тиісті өтінішпен жүгіну қажет. Кеңес алу үшін Қазақстан Ұлттық банкінің байланыс орталығына 1477 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама